Қорғаныс министірлігі әскерде комаға түскен сарбазға қатысты мәлімдеме жасады
Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан бөлімшесінде мерзімді әскери қызметте болған Ербаян Мұхтар қатысты мәлімдемеде қорғаныс министрлігі аталған әскери күштік құрылымдағы әскери қызметтің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырмайды делінген.
Бұл туралы қорғаныс министірлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мерзімді қызметтің әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың жарақат алғаны туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратқа қатысты мынаны түсіндіреміз. Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау командирлер үшін басты міндет болып табылады. Біз де Ербаян Мұхтардың туыстары мен жақындарымен бірге оның денсаулығына алаңдаймыз және ҚР Қорғаныс министрлігінің емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайынбыз деп жазған», — деп хабарлады қорғаныс министірлігі.
Халық арасында резонанс тудырған бұл жағдайға байланысты қарапайым халықтың бастауымен сарбаздың еміне деп анасына 139 млн теңгеге жуық қаражатты жинап бергені жайлы әлеуметтік желіде жарияланған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін әскерде жүріп, бас жарақатын алған қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар 6 айдан бері комада жатқаны туралы жазған едік. Бұл іс бойынша 440-бабтың 4-тармағының 3-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?