Астанада «Хан Шатыр» сауда орталығының маңында тұрғын үй өртенді

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Маусым 22, 2024 - 15:43
Маусым 22, 2024 - 15:43
Астанада «Хан Шатыр» сауда орталығының маңында тұрғын үй өртенді
Фото: видеодан кадр

Астанада “Хан Шатыр” сауда орталығының маңындағы тұрғын үй кешендірінің бірінде өрт шықты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан түтін  ғимаратты толығымен тұмшалағанын байқауға болады. Ал төтенше жағдайлар министрлігі қазір өртті ауыздау үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

“Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына келді. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша тұрғын үй кешенінің 26 қабатында сыртқы жабыны өртеніп жатқаны анықталды”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ желідегі “Қазақмыс” ғимаратының өртенгені туралы ақпарат жалған болып шықты. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow