Тылсым: Атырауда алып шұңқыр пайда болды (ВИДЕО)

Тұрғындардың айтуынша, оның ені 10 метрден асады, ал тереңдігі белгісіз.

Мамыр 21, 2024 - 12:11
Мамыр 21, 2024 - 12:12
Тылсым: Атырауда алып шұңқыр пайда болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Атырау облысында белгісіз үлкен шұңқыр пайда болды, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Шұңқыр Махамбет ауданында жазық далада орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, оның ені 10 метрден асады, ал тереңдігі белгісіз.

Әкімдіктің хабарлауынша, жер жеке жауапкершілігі шектеулі серіктестікке тиесілі. Шұңқыр өздігінен пайда болды дейді. Жер бөлімінің мамандары оқиға орнына арнайы барып тексермек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow