Астанада екі жасар баланы күтушісі тұншықтырып өлтірген

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Маусым 21, 2024 - 17:02
Маусым 21, 2024 - 17:03
Астанада екі жасар баланы күтушісі тұншықтырып өлтірген
Фото: istockphoto.com

Астана қаласында күтуші екі жасар баланы өлтірді деп күдікке ілінді, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін желіде 38 жастағы күтуші Астанада екі жасар баланы өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Болжам бойынша ол сәбиді тұншықтырып тастаған.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚІЖК - нің 201-бабына сәйкес өзге  ақпарат жария етілмейді", - деп түсіндірді Астана қалалық Полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow