Астанада автобус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Астанада Тұран мен Сығанақ қиылысында автобус жаяу жүргіншіні соғып кетті, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Автобус жүргізушісі Сығанақ көшесімен жүріп, Тұран даңғылына оңға бұрылу кезінде жолды реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен кесіп өткен жаяу жүргіншіні соққан. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды», - деп хабарлады полиция департаменті.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?