Астанадағы Кенесары ханның ескерткіші бұзылатын болды
Астанада Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткіші қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бұзылатын болды. Бұл туралы қаланың мәдениет басқармасы хабарлады.
Ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес ескерткіш апатты деп танылған.
"Нысан іргетасының құлау қаупі бар. Нысанды бөлшектеу биылғы қараша айында басталады. Нысанның өзі жаңартылғаннан кейін 2025 жылдың көктемінде орнына қайтарылады деп жоспарланып отыр", - деп хабарлады ведомство.
Сіздің реакцияңыз қандай?