Астана тұрғыны Үкімет үйін жармақ болған

Мамыр 29, 2024 - 16:47
Мамыр 29, 2024 - 17:08
Астана тұрғыны Үкімет үйін жармақ болған

Астана тұрғыны лаңкестік актісі туралы жалған хабарлағаны үшін сотталды.

Астана тұрғыны полицияға хабарласып, министрліктер үйінің ғимаратында болуы мүмкін теракт туралы хабарлады. Алайда кейін бұл жалған хабар екені белгілі болды.

«Оның кінәсі дәлелденді. Ол сотталды. Үкім заңды күшіне енді» деп хабарлады елорда прокуратурасы.

Прокуратура жалған лаңкестің қанша жылға сотталғанын нақтыламады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow