«Астана Тазалық» бір самосвалды 752 млн теңгеге жалға алмақ
«Астана Тазалық» ЖШС самосвалды жалға алу қызметтеріне 752 миллион теңгеден астам қаржы жұмсамақ, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Тапсырыс беруші – «Астана Тазалық» ЖШС; атауы - услуги по аренде грузовых автомобилей («жүк көліктерін жалға алу қызметтері», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - самосвал жүк көтергіштігі 7-13 т.; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т752 220 000», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 16 қыркүйекте басталған, 1 қазанда аяқталады.
«Жүк көтергіштігі кемінде 7 тонна және 13 тоннадан аспайтын самосвалды жалға алу қызметтері, GPS навигациялық бақылау қондырғысымен, техникалық жөндеулі қалыпта», - деп қызметтің техникалық ерекшелігінде жазылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?