«Артқа, Қазақстан!»: Еліміздің барлық өңірі бір уақытқа ауысты
Бұған дейін Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі қолданылып келді.
29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-ден бастап бірқатар өңірде сағат тілі 60 минутқа кейін шегерілді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Атап айтсақ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты бір сағатқа шегерді.
Бұған дейін Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі қолданылып келді. Сөйте тұра ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.
Осы орайда желі қолданушылары түрлі креативті пікір қалдыруда. Бірі не болып, не қойғанын түсінбей дал болса, енді бірі сабақ пен жұмысқа баратын уақытын әлі де біле алмай жатыр. "Көктем кешігіп жатыр", "Артқа, Қазақстан!", деген сынды пікірлер бүгінгі түннің қалжыңына айналып үлгерді.
Сіздің реакцияңыз қандай?