«Арыстан» лицейінің 80 курсанты үлкен өмірге жолдама алды
Бүгін Алматыда 28 гвардияшыл-панфиловшылар паркінде элиталы қазақ әскерінің өкілдерін дайындайтын «Арыстан» мамандандырылған лицейінің курсанттары қанат қақты, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Білім ордасында еліміздің әр өңірінен келген 240 оқушы білім алады. Ойы озық, жігерлі жастарды іріктейтін оқу ордасынан биыл 80 курсант үлкен өмірге аттанды.
Салтанатты іс-шара түлектердің сапқа тұрып, лицейдің туын алып кіру рәсімінен басталды. Тудың өзі оқу орнының беделін, даңқын, оқу ордасының дәстүрлерін, әсіресе білім беру мекемесінің әскери дайындық бағытында білім беретінін айғақтайды.
"Арыстан" лицейінде курсанттардың жатын орны, білім алуы мен оқуға қажетті керек-жарақтың барлығы тегін. Оку орны құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді өзінің әлеуметтік мақсаты деп таниды. Сондықтан оқуға қабылдау кезінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды қабылдауға басымдық береді.
"Осы киелі шаңырақтың түлегі болғанымды мақтан тұтамын. Себебі мұнда тек білімді, белсенді оқушылар қабылданады. Осы лицейге түсу
"Арыстан" лицейі жоғары халықаралық талаптарға сай келетін, беделді білім ордасы. Жыл сайын лицейге түсу үшін 1 орынға 10-12 оқушы бақ сынайды. Олардың ішінде білім мен денсаулық жағынан тапсырылатын көп сатылы сынақтардан сүрінбей өткендері ғана оқуға қабылданады.
"Халық" қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шүнкеевтің айтуынша, лицей құрылғалы бері 900-ден аса түлек білім ордасынан қанат қақты. Биыл 80 курсант үлкен өмірге жолдама алды.
"Халық" қайырымдылық қорының басты мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білімді баларды іріктеп, олардың сапалы білім алуына жағдай жасау. Курсанттар интернатта жатып тегін білім алады. Олар барлық керек-жарақпен қамтамасыз етіледі. Лицейдің қабырғасынан ұшқан түлектердің еліміздің беделді жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруының өзі білім ордасының сапа көрсеткішін білдіреді. Бүгінде түлектердің кейбірі Ішкі істер министрлігінде, Ұлттық ұлан қатарында, Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында, Шекара қызметінде, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметі сияқты әртүрлі күш құрылымдарда қызмет етуде", – деді "Халық" қайырымдылық қорының директоры.
Түлектерге арналған салтанатты жиында лицей бастығы – генерал-лейтенант Мұрат Майкеев оқу жылын қорытындылады. Түлектерді құттықтап, аттестат, төсбелгілер мен сыйлықтар табыстады.
Айта кетейік, "Халық" қайырымдылық қорының басты мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білімді баларды іріктеп, олардың сапалы білім алуына жағдай жасау.
Қордың үнемі қолдау білдіретін оқу орындарының бірі, осы «Арыстан» лицейі.
Осыдан 13 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы Динара Құлыбаеваның жетекшілігімен «ҰҰЭФ» қоғамдық қорының демеушілігімен бірегей мектеп ашылып, ол ең үздіктердің біріне айналды. Озық, жаңашыл, елге үлгі оқу кешені Іле Алатауының бөктерінде орналасқан.
Жоғары білікті ұстаздар мен тәрбиешілердің, оның ішінде ғылым кандидаттары, магистранттар мен педагог-зерттеушілердің, халықаралық олимпиадалар мен республикалық олимпиадаларға қатысушылардың, сондай-ақ, жиырма жеті запастағы офицерлердің үйлесімді жұмысының арқасында лицей жоғары білім деңгейіне жетуде. Олардың барлығы жігіттерге білімдерін, әскери және өмірлік тәжірибесін беріп, көмектесіп жатыр.
Спортпен шұғылдану үшін лицейде қажеттінің бәрі бар: спорттың барлық түріне арналған көпфункционалды спорт залы, бокс, күрес залдары, тренажер залдары, 25 метрлік бассейн. Жазғы спорт базасында футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары, ғажайып гимнастика қалашығы, әскери кедергілер алаңы бар. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған 215 орындық аудитория, толық үрмелі аспаптар оркестрі мен вокалды-аспаптық ансамбль, 20 мыңнан астам кітапты қамтитын бірегей кітапхана қоры бар. Аумақтың жеке медициналық орталығы бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?