«Кеуде қуысында жарақаты бар»: Жамбыл облысында тағы бір сарбаз жансақтау бөлімінде жатыр
Жамбыл облысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сарбазы Қордай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz aқпарат порталы.
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметінше, сарбаздың жағдайы әлі де ауыр жағдайда.
Науқас Гвардейск әскери госпиталінен жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Қордай орталық аудандық ауруханасына «полисегментальды пневмония» диагнозымен жатқызылды. Науқас клиникалық өлімді бастан кешкен. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, көптеген мүшелер жеткіліксіздігі байқалады. Атап айтқанда, тыныс алу, жүрек, бауыр, церебральды және инфекциялық токсикалық шок белгілері бар. Гемофильтрация және дәрі-дәрмекпен емделеді, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ дәрігерлер сарбаздың кеуде қуысында жарақаты бар екенін айтады.
Сіздің реакцияңыз қандай?