«Қалыңмалға келіспеген»: Желіде тойды қалыңдықсыз өткізген қазақ жігітінің ВИДЕО-сы тарады

Бәрін дайындап қойғандықтан жігіттің туыстары туған күн кеші секілді бойдақтық кешін тойлауды ұйғарған.

Маусым 12, 2024 - 17:16
Маусым 12, 2024 - 17:16
«Қалыңмалға келіспеген»: Желіде тойды қалыңдықсыз өткізген қазақ жігітінің ВИДЕО-сы тарады
Фото: видеодан кадр

Желіде тойды жалғыз өткізген қазақстандық жігіттің видеосы тарады. Видео астындағы пікірлерге қарағанда қалыңдық пен оның туыстары қалыңмалға келіспей тойға келмей қойған, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бейнеде банкет жүргізушісі "бүгін сен өзіңнің еркіндігіңді тойлап жатырсың" деген сөздерді айтады.

Бейнежазбаны Kokshe_city_03 порталы Instagram желісінде жариялады. Онда банкет залында жігіт қалыңдықсыз үйлену тортын жалғыз өзі кесіп, келген достарымен ғана көңіл көтеріп жатқанын көруге болады.

«Бәрін дайындап қойғандықтан жігіттің туыстары туған күн кеші секілді бойдақтық кешін тойлауды ұйғарған. Ақша үшін жастардың сезімін аяққа таптады. Бәлкім қайыры шығар. Өзіне бірінші орынға ақшаны емес, махаббатты қоятын жар табар”, – деді желі қолданушысы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow