«Ақша не істетпейді»: Көлігін бассейнге айналдырған блогерлер жазаланбақ
Желіде NNN лақап атымен танылған блогер Нұрдәулет Бексұлтан мен Ерболат Жанабыловтың су толы көлікпен жүруі жұрттың наразылығын тудырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Астана қаласының орталық көшелерінің бірінде болған. Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қос блогерді мақтап та, даттап та жатыр.
«Контент не істетпейді», «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді деген осы шығар?!», «Тойынғаннан түсіп жүр», «Өте керемет шыққан», «Бөлексіңдер», «Жетімдер мен ауруларға көмектесіңдер», «Ақша не істетпейді», «Мына тірлік артық болған сияқты», – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Аталған жайтқа қатысты елорда полиция департаменті пікір білдірді.
ПД өкілдері Tank маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.
@zhanabylov
Сіздің реакцияңыз қандай?