«Міне, нағыз директор»: Алматыда бүлдіршіндермен билеген мектеп директоры желіні шулатты (ВИДЕО)

Қыркүйек 3, 2024 - 11:48
Қыркүйек 3, 2024 - 11:51
«Міне, нағыз директор»: Алматыда бүлдіршіндермен билеген мектеп директоры желіні шулатты (ВИДЕО)

Алматы қаласының №209 мектебі директорының лездеме сәтінде бірінші сынып оқушыларымен бірге билеген видеосы желіде тарап, қазақстандықтардың ықыласына бөленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеодан жаңа ортаға бойлары үйрене қоймаған бірінші сынып оқушыларына қолдау білдіруге тырысқан директор кішкентай бүлдіршіндермен айнала билеп жүргені көрінеді.

Бейнежазбаның астына желі қолданушылары жылы пікірлерін қалдырған.

«Директор деген осындай болу керек ! Тамаша!», «Міне, нағыз директор», «Жарайсыз! Барлық директорлар осындай болу керек. Қазір линейкаға барсаң қақшиып тұрады директор, мұғалімдер», «Пендешілікке салынып аспандап көкірегіне нан пісіп асып-тасып жүргендерге міне сабақ. Алланың өзі қарапайым жанды жақсы көреді екен. Жарайсыз, басшы деген осындай болуы керек. Өсетін жан, жолы ашық болсын!» сынды пікірлер жазылған.

Белгілі болғандай, видеодағы Алматы қаласындағы №209 мектептің директоры екен. Аты-жөні – Болат Мунбаев. Жасы 37-де, 16 жылдық педагогикалық стажы бар маман. Тарих пәнінің мұғалімі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы????Реклама????Almaty. (@almaty_online24.7)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow