«Аmanat» партиясы Олжас Бектеновті Премьер-министр лауазымына ұсынды
«Аmanat» партиясы Олжас Бектеновті ҚР Премьер-министрі лауазымына ұсынды, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
![«Аmanat» партиясы Олжас Бектеновті Премьер-министр лауазымына ұсынды](https://sadaqmedia.kz/uploads/images/202402/image_870x_65c1c533344f2.jpg)
Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
2001 ж. – Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, мамандығы – заңгер.
Еңбек өтілі:
2002-2005 жж. – Алматы қаласы әділет басқармасында бас маман.
2005-2006 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінде заң бөлімінің бас сарапшысы.
2006-2009 жж. – ҚР Президенті әкімшілігінде қызмет еткен.
2009-2012 жж. – ҚР әділет министрлігінің тіркеу және құқықтық алғашқы көмек көрсету қызметі комитеті төрғасының орынбасары.
2012-2014 жж. – ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлық қарсы күрес агенттігі орталық аппаратында департамент басшысы.
2015-2016 жж . – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі.
2016-2017 жылдары – Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысы.
2017 жылғы шілдеден бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
2018 жылғы 1 маусымнан – 2019 жылдың 20 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.
2019 жылғы 26 маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалды.
2023 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
Мемлекеттік наградалары:
ІІ дәрежелі «Айбын» ордені (2014 ж.).
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/wow.png)