Алматы облысында Ворошилов су қоймасы жарылды

Наурыз 30, 2024 - 20:13
Наурыз 30, 2024 - 20:14
Алматы облысында Ворошилов су қоймасы жарылды

Алматы облысы, Іле ауданы, Байкент ауылындағы Ворошилов су қоймасы жарылды, - деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Алматы облысының Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды», - делінген хабарламада.

Су өзеннің негізгі арнасымен ағып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі судың транзиттік режимде ағызылатынын атап өтеді. Тұрғындарға жағдай туралы хабарлануда. Елді мекендерді су басу қаупін анықтау жұмыстары жүргізілуде. 

Қазір оқиға орнында ТЖД бастығы жеке құраммен және облыс әкімі жүр.

Бұған дейін Ақтөбе облысында да су тасқынынан Щербаков бөгетінің бұзылғанын хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow