Қостанай облысында 11 адамға кастрация жасалады

Шілде 5, 2024 - 11:43
Шілде 5, 2024 - 11:43
Қостанай облысында 11 адамға кастрация жасалады

Биыл Қостанай облысында сот шешімі бойынша 11 адамға химиялық кастрация жасалады. Олардың барлығы кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық зорлық жасаған, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz. 

Tobolinfo сайтының жазуынша, бір адамға бюджеттен 130-135 мың теңге бөлінбек. Бұл сомаға дәрігерлердің кеңесі, тексеру және жылына 24 инъекция салу кіреді.  Бұл қызметті көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алуды Жітіқара аудандық ауруханасы мен Арқалық өңірлік емханасы ұтып алған.  

«Келісімшарттар орындалу сатысында тұр. Арнайы препараттарды енгізу арқылы химиялық кастрация кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін сотталған 11 адамға жасалады», — деп жазылған мақалада.​​​​

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow