Алматыда бозбаланы аяусыз тепкілегендер анықталды
Желіде жас жеткіншекті тепкілеп жатқан видео тарған еді. Тәртіп сақшылары жұрт арасында қызу талқыланып жатқан видеоға қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Полицияның айтуынша, оқиға Алматы қаласында болған.
Әлеуметтік желіні шулатып, халықтың ызасын туғызған видеодағы бұзақылар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.
"Оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде. Толық мән-жайы анықталуда", - делінген Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Әлеуметтік желі қолданушылары жәбір көрсетушілерді жазалауды талап етіп отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?