Алматыда бір адам өзін өртеп жіберді

Қазан 2, 2024 - 21:11
Алматыда бір адам өзін өртеп жіберді

Полицейлер 33 жастағы адамның өмірін құтқарып қалды. Оқиға 1 қазанда Алматыда Түрксіб ауданындағы айып тұрағында болған.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 13:10-да арнайы патрульдік полиция батальонының экипажы Subaru маркалы көлікті тоқтатқан. Себебі, көлік иесінің төленбеген айыппұлдарының жалпы сомасы – 1 миллион 300 мың теңге. Сонымен қатар, жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі болмаған.

Мұндай жағдайда көлік арнайы айып тұрағына қойылуы керек екені атап өтілді.

"Көрсетілген рәсімдерді тіркеу кезінде жүргізуші көлігінен бензин алып шығып, көлікті де, өзін де бензин құйып, өртеп жіберді. Полиция қызметкерлері ер адамды құтқару үшін шұғыл шаралар қабылдады. Олар өрт сөндіргішпен және қолда бар құралдармен өртті сөндірді. Жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді", – деді жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow