Ақтөбеде мас мұғалім ауылдасын өлтіріп алды

Сараптама актісіне сәйкес жүргізуші мас күйінде болған.

Шілде 30, 2024 - 17:36
Шілде 30, 2024 - 17:37
Ақтөбеде мас мұғалім ауылдасын өлтіріп алды
Фото: Pixabay.com

Ырғыз ауданы Баймен Алманов атындағы орта мектептің мұғалімі ауылдасын өлтіріп алды. Оқиға кеше түнде болды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Suzuki XL7» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Ырғыз ауданы Құрылыс аулында 40 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

"Сараптама актісіне сәйкес жүргізуші мас күйінде болған. Адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру басталды. Жүргізуші уақытша үстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, жәбірленуші де, күдікті де бір ауылдың тұрғындары. Күдікті – Құрылыс ауылындағы Баймен Алманов атындағы орта мектептің Алғашқы әскери дайындық жетекшісі.

"Оқиғаны түнде естідім. Ол қазір еңбек демалысында жүрген адам. Өте өкінішті нәрсе. Күдікке іліккен Ерік Суханберлин жақсы мұғалім еді. Қолынан келсе көмектеседі, шығармашыл адам. Ән айтады, поэзияға жақын. Отбасы үлгілі. Өзі мектепте 14 жыл жұмыс істеді. Бұл жағдай қай-қайсысына да оңай емес", - деді Баймен Алманов атындағы орта мектептің директоры Нұргүл Қалмағамбетова.

Айта кетейік, күдікке іліккен мектеп мұғалімі 36 жаста, отбасылы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow