«Мас әйелді мақтама»: Мақпал Жүнісованы жақтаған актер елден сөз естіді (ВИДЕО)

Қыркүйек 13, 2024 - 17:31
Қыркүйек 13, 2024 - 17:56
«Мас әйелді мақтама»: Мақпал Жүнісованы жақтаған актер елден сөз естіді (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Танымал актер Алмат Сақатов видеосымен қоғамды шулатқан Мақпал Жүнісованы қолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Театр майталманы елдің ерке қызының тағдырын сөз етпеуді ескертті. 

“Мақпал Жүнісова туралы не айтасыз дейді. Не айта аламын?! Ол кісінің көтерген жүгін сен көтере алмайсың?! Ол кісінің көргенін сен көрген жоқсың. Қазақтың ерке қызы, еркелеп әңгіме айтқан шығар?! Біз сөгетіндей, оны талқылайтындай кімбіз?! Ертең дүниеден өтіп келсе, мақтайсыңдар. Сондықтан да қандай адам болса да, өнерде үлкен орны бар. Қазақ деген кезде ішкен асын жерге қоятын мықты қазақтың қызы. Өте мықты адам”, – деді актер.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, халық әртісінің масаң күйде ел алдына шыққанынын талқылап жатыр. 

“Мақпал ән айтқаннан басқа не істепті?!”, “Мас әйелді мақтама”, “Әншілердің бәрі – ерке. Төреғали – Ұлы дала баласы, Мақпал – ерке қыз”, “Мас күйінде эфирге шығу – мықтылық па?”, “Ішкені – алдында, ішпегені – артында. Оныкі – асқандық”, – деп жазды көпшілік. 

@sakatovalmat

♬ оригинальный звук - Алмат Сақатов

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow