АЭС салу туралы референдум биыл күзде өтеді – Тоқаев
АЭС салу туралы референдум күзде өтеді. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы журналистерді құттықтау рәсімінде мәлім етті.
Президент атағандай, референдум өтетін датаны үкімет белгілейді.
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек. Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды», - деді Тоқаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?