Ақтөбе облысында бөгетті су шайып кетті
Бір айдан астам уақыт бұрын әскери қызметкерлер мен жергілікті тұрғындар бірігіп салған Ырғыз өзенінің бойындағы бөгетті су бұзып өтті. Кеше түнде соққан қатты желден толқын пайда болып, 10 метр жерді су шайған.
Тұрғын шұғыл эвакуацияланып, оқиға орнында жүзден астам әскерилер мен ерікті ауыл тұрғындары қалған. Қазір олар қорғаныс құрылымын күшейтіп жатыр.
“Толқындардың биіктігі жағалаудан бір метрге дейін, ал ені 5-6 метрге жуықтаған. 2 сағаттың ішінде жағаны құм салынған қаптармен нығайттық. Жұмыс жалғасып жатыр. Бүгін де жел бар, бірақ кешегідей күшті емес. Кейінгі 15 күнде су деңгейі я төмендемеді, я көтерілмеді. Бір деңгейде қалды”, – деп мәлімдеді Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов.
Сіздің реакцияңыз қандай?