АҚШ-тағы Милтон дауылына байланысты «Рамштайн» өтпейтін болды

Қазан 10, 2024 - 15:55
АҚШ-тағы Милтон дауылына байланысты «Рамштайн» өтпейтін болды

АҚШ-тағы күші жойқын "Милтон" дауылына байланысты президент Джо Байден Украина мәселесі бойынша "Рамштайн" форматындағы кездесуге бармайтыны белгілі болғаннан кейін жиын өтпейтіні айтылып отыр. Бұл туралы Азаттық радиосына НАТО-дағы екі дереккөз хабарлады, деп жазады Азаттық. 

Саммит 10-13 қазан аралығында Германияда өтуге тиіс еді. Оған жиырма шақты мемлекет басшысы я үкімет жетекшісі қатысады, ал Украина президенті Владимир Зеленский онда өзінің "жеңіс жоспарын" ұсынады деп жоспарланған. 8 қазанда Украина тарапы Киев қарашада өткізуді жоспарлаған екінші "бейбітшілік саммитін" кейінге шегергенін хабарлады.

Байден Германияға сапарын "Милтон" дауылына дайындықты бақылау үшін кейінге қалдырды" деді Ақ үй мәлімдемесінде.

BBC агенттігінің жазуынша, Флорида штатының ортасына жеткен "Милтон" сағатына шамамен 165 шақырымға жуық жылдамдықпен жылжып барады. "Милтонды" жойқын дауыл деп жатыр. Америкадағы дауылды зерттеу орталығы "Милтон" дауылы Атлант мұхитына қарай жылжығанға дейін екпіні бәсеңдемейді деген болжам айтып отыр.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін "Рамштайн" форматындағы кездесу үнемі өткізіліп келеді. Жиынға 50-ден астам елдің әскери ведомство өкілдері қатысады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow