«500 адам ақша жинап берді»: Ток-шоуда травма алған әйел баспаналы болды

Шілде 30, 2024 - 15:33
Шілде 30, 2024 - 15:34
«500 адам ақша жинап берді»: Ток-шоуда травма алған әйел баспаналы болды

"Хабар" телеарнасында "Бірақ..." ток-шоуы оны ұрып-соққан күйеуімен татуластырмақ болған Гүлмира Смайлова баспаналы болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Хабардағы” жағдайдан кейін Гүлмира үшін ақша жинауға мен бастамашы болдым. Болған оқиға туралы жазбам кең тарады, бірақ ақша баяу жиналып жатты. Кейін бізге Рахым Ошақбаев қосылды. Бұл процесті жылдамдатты және осындай жақсы нәтижеге алып келді”, – деді “Қорғау Астана” басшысы Анна Рыль “Батыр Жамал” редакциясына берген сұхбатында. 

Гүлмира Смайловаға Астанадан үш бөлмелі пәтер алынған. Рахым Ошақбаевтың сөзінше, пәтер алуға қажет 16,6 млн теңге екі-үш апта ішінде жиналған. Оған 500-ден астам адам ақша қосқан. 

“Бас-аяғы 16 627 475,54 теңге жиналды. Пәтердің құны 16 400 000 теңге. Құжат рәсімдеуге 44 мың теңге жұмсадық. Гүлмираның жалдап тұрып жатқан пәтеріне 110 мың теңге төленді. Қалған 73 мың теңгенің 60 мыңын тағы жарты айдың пәтерақысына береміз, өйткені, үй иелері екі апта ішінде көшеді. Қалған ақша оның көшіп-қонуына жұмсалады”, - деп жазды “Қорғау” орталығы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow