Тоқаев оққа ұшқан оппозиционердің әйелін құттықтады

Бүгін Мақпал Жүнісова 60 жасқа толды.

Қаңтар 11, 2024 - 16:19
Қаңтар 16, 2024 - 17:03
Тоқаев оққа ұшқан оппозиционердің әйелін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісінің туған күніне орай құттықтау хатын жіберді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz

Мақпал Жүнісова өзін мемлекет басшысы құттықтағанын Instagram желісінде хабарлады. Ол парақшасында Тоқаевтың құттықтау хатын жариялап, ел назарына оны табыстаған сәтінен фото ұсынды. 

"Алпыс жастың бірінші күні жақсы басталды. Аллаға мың шүкірлер, Елбасының құттықтауын Арман Қырықбаев пен Ақзер сіңілім табыстап , қуанып кетіп барамын. Елбасының қыздың жасын елегеніне мың рақмет", - деп жазды әнші.

Мақпал Жүнісова белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың жұбайы. Заманбек Қалабайұлы 2005 жылы өз үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапқан болатын. Күйеуінің қазасынан кейін әнші бірнеше жыл сахнаға шыға алмай, қыспаққа ұшырады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow