Вейп сатқандар елу тәулікке қамалатын болды

Ал вейп саудасын қыздырғындарға 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қаңтар 24, 2024 - 15:16
Вейп сатқандар елу тәулікке қамалатын болды
Culture.ru

Мәжіліс Қазақстанға вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салатын заң қабылдады. Құжатта тәртіп бұзушыларға қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. 

"Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңда вейптерді заңсыз айналымға шығарғандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:

вейп сату үшін ең жоғары айыппұл 50 тәулікке дейін қамауға алу;

әкелу және тарату үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер үшiн  5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow