«Бар бәле сапасыз креслода»: белгілі журналист кейбір шенеуніктердің белгісіз «ауруға» шалдығып жатқанын айтты

Ал ондай тауарлар өз кезегінде адам денсаулығына «зиян» болып шыққан.

Қаңтар 12, 2024 - 14:05
Қаңтар 12, 2024 - 14:52
«Бар бәле сапасыз креслода»: белгілі журналист кейбір шенеуніктердің белгісіз «ауруға» шалдығып жатқанын айтты
sadaqmedia.kz

Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Диас Нұрақын блогерлер мен журналистердің кесірінен кейбір мекеме басшыларының белгісіз науқасқа ұшырап жатқанын айтып, қоғамды дүрліктіріп қойды», деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Оның айтуынша, кез-келген мәселені құр жібермей бақылап отыратын журналистерден секем алған кейбір мекемелер мемлекеттік тапсырыс аясында ең арзан деген қытай тауарларын ала салатын болған. Ал ол тауарлар өз кезегінде адам денсаулығына «зиян» болып шыққан. 
«Блогерлер оңбайды. Госзакуп сайтын ақтарып, ана акимат бәленше миллионға италянский кресло алыпты, түгенше бастық бюджет ақшасына Малайзия жиһазына тапсырыс беріпті деп тіміскілеп отырады. Осындай сыннан секем алған мекемелер енді ең арзан китайский кресло ала салатын болыпты. Ал ол адам денсаулығына зиян», деп жазған ол өзінің  facebook парақшасында.

Журналистің айтуынша, мұндай жағдайға жақында ғана жайлы кресло бұйырған өзінің бір танысы тап болған.  

«Өткенде бір ағамды кездестіріп қалдым. Әшейінде, Диасжан деп жаны қалмайтын. Бірақ осы жолы танымай қалды. Өзі жақында бір жерге бастық болған еді. Қызметімен құттықтайын десем, тесірейіп бір қарады да ассалауыма амалсыз ғана қолын созды. Шамасы памятын жоғалтып алған сияқты. Қытайдың креслосына көп отырып, денесіне улы химикат жайылып кеткен шығар деп топшыладым. Содан денсаулығына, есте сақтау қабілетіне нұқсан келген. Өте қатты аяп кеттім. Елім-жерім деп жүріп басшылықтағы талай ағаларымыз өз бауырларын танымай қалып жатыр. Егер сіздің де лауазымды қызметтегі көкеңіз көрген жерде танымай қалса қатты қынжылмаңыз. Ол кісілер әдейі істемейді. Бар бәле көтеніндегі сапасыз креслода…», - деп атап өткен жазба авторы.

Айтпақшы, аталмыш жазба иесі тағы бір постында БАҚ саласында монополист болып отырған тағы бір мекеменің дәреткхана қағазын алу үшін 19 миллион теңгеге тендер жариялап отырғанын жазыпты.

«Бұл ақшаға 16 мың руллон дәретхана қағазын алмақшы екен. Сол жерде жұмыс істейтін әріптестерім неткен бақытты еді? 19 млн теңгеге сүртінетін. 16 мың рулон дәретхана қағазын не істейін деп жүрсіңдер? Әлде асханасы нашар ма? Шіли, шеттеріңнен дизентерия емес шығарсыңдар?», - деп атап өткен ол.

Автордың бұл жазбасы да әлеуметтік желі бетінде қызу талқыланып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow