Қазақстан «Талибанды» елде тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды

Желтоқсан 29, 2023 - 12:12
Қаңтар 3, 2024 - 09:54
Қазақстан «Талибанды» елде тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды
Фото: Айбек Смадияров, 2021 жыл, қазан

Қазақстан «Талибанды» біздің елде тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Kazinform агенттігіне берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia. 

"Ауғанстан билігін қолға алған «Талибан» қозғалысы біздің елде тыйым салынған ұйымдардың тізімінде болғанын білеміз. Қазір де бұл ұйым сол тізімде ме?", - деп сұраған агенттік тілшісі. Смадияровтың жауабынан түсінгеніміз, Қазақстан БҰҰ тәжірибесіне сүйене отырып, бұл елді тыйым салынған елдердің тізімінен алып тастаған.

"Қазақстанда тыйым салынған аумақтық ұйымдардың ұлттық тізіміне оны өзектендіру мақсатында тұрақты түрде ревизия жүргізіліп тұрады. Аталған процесс аясында, БҰҰ тәжірибесіне сәйкес, «Талибан қозғалысын» одан шығару туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, «Талибан қозғалысы» БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдар тізіміне кірмейді. Саяси байланыстарға келер болсақ, Қазақстан бұдан әрі де Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдайтын шешімдер мен қарарларды қатаң ұстанатынын атап өткім келеді", - деген Смадияров. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow