Әлемге әйгілі Леонардо ДиКаприо Қазақстан үкіметін не үшін құттықтады?
Голливудтың атақты актері, “Оскар” лауреаты Леонардо ДиКаприо әлеуметтік желідегі жеке парақшасында ақбөкендердің санын 1,9 миллионға жеткізген Қазақстан үкіметін құттықтады, деп хабарлайды sadaqmedia.
Голливуд жұлдыздары арасында табиғатқа аса қамқорлық танытатын актер желідегі кезекті жазбасын киіктерге арнаған.
«Ақбөкендер «Жоғалып кету қауіпі аса қатты» деңгейден «Жоғалып кету қауіпі бар» деңгейге өтті. Адам айтса сенгісіз бұл жетістік Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталғанын көрсетеді. 2005 жылы небары 48 000 болған ақбөкендердің саны қазір 1,9 млн-ға жетті. Осы ретте, браконьерлікпен күресу, тәртіп сақтау, жаңа табиғи аумақтар құру бастамаларына айтарлықтай қаржы бөлген Қазақстан үкіметін құттықтаймын. Олардың қорық, университеттер, әртүрлі ұйымдар мен ғалымдарды тарта отырып істеген жұмысы өз жемісін берді», - деп жазды ДиКаприо.
Айта кетейік, Қазақстан үкіметі 2023 жылдан бастап киікті атуға рұқсат беріп, оның етін комбинаттар арқылы сата бастаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?