Жеңіс Қасымбек Астанадағы оқушылардың 40 пайызы орыс тілінде білім алатынына алаңдай ма?

Желтоқсан 22, 2023 - 13:49
Желтоқсан 25, 2023 - 11:11
Жеңіс Қасымбек Астанадағы оқушылардың 40 пайызы орыс тілінде білім алатынына алаңдай ма?
Фото: gov.kz

Бүгін Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді. Биыл Астана қаласында 1-сыныпқа баратын оқушылардың 40 пайызы (10 571 бала) орыс сыныбын таңдады. Астана халқының 80 пайыздан астамы қазақ ұлты бола тұра, оқушылардың тең жартысының орыс тілінде білім алуы Жеңіс Қасымбекті алаңдата ма? Баспасөз мәслихатында sadaqmedia тілшісі әкімге осы сауалды жолдады.

«Жалпы, бұл жағдай өзгеріп жатыр. Мысалы, былтыр немесе екі-үш жыл бұрынғымен салыстырғанда, сіз айтқан пайыз төмендеп келеді. Жыл сайын қазақ мепктептеріне және қазақ кластарына баратын оқушылардың саны өсіп жатыр. Ал, қалада салынып жатқан 80-нен астам мектептің көбі қазақ мектептері», – деді әкім.

Журналистің «баласын қазақ мектепке беру үшін ата-аналарды қалай ынталандыру керек?» деген сұрағына әкім: «бұл мәселе бойынша жауапты басқарма жұмысын атқарып отыр. Сондықтан, оң динамика бар. Керек десеңіз, 2020 жылы қазақ сыныбына барған бала саны мен былтыр қазақ сыныбына барған балалардың саны бойынша ресми дерек берейін. Жағдай өзгеріп келеді», – деп жауап берді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow