Назарбаев Путинді жағалады
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барып Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізді, деп хабарлайды sadaqmedia Ресей ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасай отырып.
Назарбаев пен Путиннің кездесуі туралы ақпаратты Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растаған.
"Иә, ол (Нұрсұлтан Назарбаев - агенттік) расымен Мәскеуге келді, президентпен (РФ президенті Владимир Путинмен - агенттік) жеке кездесуі өтті", - деп хабарлаған Ресей басылымдарына Песков.
Назарбаев пен Путин жеке кездесу кезінде қандай мәселелерді талқылағаны белгісіз. Қандай пиғылмен барғаны да беймәлім. Бұған дейін хабарланғандай, Назарбаев Путинге өзінің кітабын сыйлаған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?