Жертөледе орналасқан Алматы хостелінде көбіне шетелдіктер тұрған

Қараша 30, 2023 - 11:28
Жертөледе орналасқан Алматы хостелінде көбіне шетелдіктер тұрған
Сурет:Казинформ

Алматыда өртке оранған хостелден эвакуацияланған адамдардың басым бөлігі шетел азаматтары, деп хабарлайды sadaqmedia.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, эвакуацияланған адамдардың көбі шетелдіктер.

«Хостел әкімшілігінің сөзінше, өз бетімен сыртқа шыққан адамдардың дені Өзбекстан, Қырғызстан, Пәкістан елдерінің азаматтары. Араларында қазақстандықтар да бар. Қаза тапқандардың кім екені анықталып жатыр»,- деді ол.

Сонымен қатар департамент басшысы өртке оранған хостелдің ашылғанына бір жарым ай болғанын мәлім етті. 

«Үш қабатты ғимараттың жертөлесінен хостел ашқан. Бұл, негізі, заңға қайшы. Себебі жертөле адам тұруға арналмаған. Қанша жерден жабдықталса да», - деді Нұрлан Атығаев.

Оқиға орнына Алматы әкімі Ерболат Досаев, Төтенше жағдайлар министрі барды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow