Мемлекеттік қызметте ондай адамдар жоқ - Мәулен Әшімбаев абьюзерлер туралы

Қараша 10, 2023 - 14:56
Мемлекеттік қызметте ондай адамдар жоқ - Мәулен Әшімбаев абьюзерлер туралы
Сурет ашық дереккөзден алынды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мемлекеттік қызметтегі абьюзерлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaqmedia.

Айта кетейік, кеше, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы өз мейрамханасында әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды. Оның қамауға алынғанын бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары растады. Осыған байланысты журналистер сенат төрағасынан отбасындағы зорлық-зомбылықтың жазасы туралы сұрақ қойды.

«Мемлекеттіе басқару жүйесінде жұмыс істейтін азаматтар үйінде зорлық-зомбылық жасап, кейін оның жаңасын ауырлатпау үшін жұмыс істейді дегенге келіспеймін, бұл өтірік. Егер бұл мәселеде жазаны күшейту керек болса, бұл бағытта жұмыс істейміз. Негізінде, жазаны барынша ауырлатқанбыз», - деді сенатта журналистердің сұрағына жауап берген Әшімбаев.

Оның айтуынша, тұрмыстқ зорлық-зомбылықты тоқтату үшін тек заңнаманы күшейтумен қатар тағы бірнеше мәселеге назар аудару керек. Соның ішінде Әшімбаев атап өткендей, жастар мен азаматтардың мәдениетін көтеру керек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow