Қазақстанда шенеуніктер қандай қылмысқа көп барады?

Қараша 10, 2023 - 15:33
Қараша 13, 2023 - 12:37
Қазақстанда шенеуніктер қандай қылмысқа көп барады?

Жыл басынан бері Қазақстанда 842 мемлекеттік қызметкер қылмыс жасаған, деп хабарлайды sadaqmedia ranking.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Зерттеуге сүйенсек, биыл шенеуніктер жасаған қылмыстың саны былтырғымен салыстырғанда 5 пайызға азайған. Шымкент қаласында 102 шенеунік қылмыстық заң бұзу фактісіне араласқан болса, Алматы қаласында 82 мемқызметкер осындай қадамға барған. Астанада 55 мемлекеттік қызметкер қылмыстық кодекстің заңын бұзған.

Мемлекеттік қызметкерлердің көбі пара алу бабы, алаяқтық және өзгенің мүлкін иемдену баптары бойынша қылмыс жасаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow