Жезқазғанда тағы бір кенші қаза тапты - депутат жаңа деректерді жария етті

Қараша 6, 2023 - 12:23
Қараша 10, 2023 - 00:44
Жезқазғанда тағы бір кенші қаза тапты - депутат жаңа деректерді жария етті

Шығыс-Жезқазған кен орнында “Қазақмыс” компаниясының қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды sadaqmedia.

Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин қаза тапқан кеншінің аты-жөнін жария етті. Кенші 39 жастағы азамат болған.

“Шығыс Жезқазған кенішінің тау-кен шебері Бимағанбет Ерлан Серікбайұлының өндірісте жазатайм алған жарақаттан қайтыс болуына орай отбасына, туған-туыс, жақындарына көңіл айтамын.  Қазақмыс Еңбек жағдайларын бақылау және мониторинг, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын күшейтуі қажет”,-деп жазды депутат.

Ерболат Сатыбалдин бұндай оқиғалардың алдын алу үшін жұмыс берушімен қатар, жұмысшылардың құқығын қорғайтын ұйым, яғни, кәсіподақ та білек сыбана жұмыс істеу керек дейді.

“Азаматтардың қауіпсіздігі мен бақуаттылығын бірінші орынға қоятын еліміз үшін бұл мәселе аса маңызды.  Бүгінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының басым көпшілігін жұмыс беруші атқарады. Ал жұмыскерлер өкілі тарапынан кәсіподақтар мен техникалық инспекторлардың еңбек қорғауда қызметтері шектелген. Бұл дұрыс емес.

Таяуда Мәжілісте қаралатын “Кәсіподақтар туралы” заңға осы мәселелер бойынша ұсыныстар енгіземін”,-деді депутат.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow