«Өзің сияқты жас қыз тауып бер»: Түркістан тұрғыны оқушы қызды зорлап, артынша бопсалаған (ФОТО)

Қазан 21, 2024 - 12:49
«Өзің сияқты жас қыз тауып бер»: Түркістан тұрғыны оқушы қызды зорлап, артынша бопсалаған (ФОТО)
Фото: Құрал Сейітханұлының парақшасынан алынды

Түркістан облысы Жаңа қала шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 33 жастағы ер адам он бестегі оқушы қызды тыр жалаңаш шешіндіріп, суретке түсіріп, артынша зорлаған. Бұл туралы жергілікті тұрғын Құрал Сейітханұлы әлеуметтік желідегі парақшасына жазған, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Редакция жергілікті полиция департаментінен ақпарат сұратты. Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі журналистпен телефон арқылы сөйлесе отырып, ақпаратты ішінара растады және осы факт бойынша ресми жауап дайындалып жатқанын хабарлады.

Ал, Құрал Сейітханұлының мәліметіне сүйенсек, оған зорлық көрген қыздың анасы хабарласып, көмек сұраған. Әйел көп балалы ана болып шықты. Анасының айтуынша, суреттегі ер адам қызбен желі арқылы танысып, оны қорқытып, Жаңа қала деген шағын аудандағы тұрғын үйге ертіп апарған. 

«Маған хабарласқан әйелдің 15 жасар қызын 33-жастағы (суретте) еркек қорқытып, үркітіп, «Жаңа қала» шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің біріне апарып, тыр жалаңаш шешіндіріп, суретке түсіріп, одан кейін еркектік мүшесін қыздың аузына тығып, соңында қыздың артқы анал тесігіне мүшесін тығып, жыныстық қатынасқа түскен. Он бес жасар қыз ондайды өмірінде көрмеген. Бұнымен де тоқтамай, арада бірнеше күн өткенде қыздың телефонына «2008, 2009 жылғы өзің сияқты жас қыз тауып бер немесе 50 мың  теңге тауып бер, әйтпесе жалаңаш фотоларыңды «Тик-Токқа» саламын деп» бопсалап, қорқытқан. Өзін ҰҚК-нің қызметкерімін деп таныстырған. Шын мәнінде ешқандай да қызметкер емес», - деп жазады Құрал Сейітханұлы.

Автор өз жазбасының астына ер адамның оқушы қызбен сөйлескен әңгімесінен скриншот жүктеген. Сондай-ақ, дәлел ретінде қылмыстық іс бойынша ананың арызын суретке түсіріп салған.

«Қыздың анасы қызының телефонын тексеріп, сұмдықты біліп, 102 арқылы полиция шақырады. Әуел баста бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғамақшы болады. Бірақ, кейін қызы мен анасын полицияға апарған кезде ғана кішкентай қызға істеген сексуалдық әрекеттері әшкере болады. Содан педофилдік жасады деген күдікпен ҚР ҚПК-нің 124-бабының 1-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалады. Қазіргі уақытта кішкентай қыздың анал тесігінен сексуалдық қатынас жасағандығы жөнінде сот сараптама жасалып жатыр», - деп хабарлады автор.

Тағы бір маңызды жайт, автор күдікті қамалғанын және оның телефонынан он бес шақты оқушы қыздың жалаңаш фотолары табылғанын жазып отыр. Дәл осы факті бойынша полиция департаменті бізге әзірге комментарий берген жоқ. Редакция Түркістан облысы полиция департаментінен тиісті жауап күтіп отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow