Қаза тапқан бес кеншінің аты-жөні белгілі болды
Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтаның директоры Сергей Мустивко қаза тапқан 33 кеншінің ішінде туыстары таныған бес адамның аты-жөндерін жария етті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.
Кен астындағы жарылыстың қатты болғаны соншалық, кейбір шахтерлердің денесі жан-жаққа ыдырап кеткен. Сондықтан, қаза тапқандардың көбін тек ДНК сараптама арқылы ғана тануға болады. Қазір денелері сау, туыстары таныған сегіз кеншінің ғана аты-жөні белгілі болып отыр.
«Ең алдымен жерге сегіз кеншінің денесін алып шыққамыз. Виталий Мордасов, Александр Югай, Ерболат Адамбаев, Владимир Петренко, Альберт Сайфутдияров», - деді шахта директоры.
Естеріңізге сала кетейік, Костенко атындағы шахтада ірі жарылыс болып, 33 адам қаза тапты. Тағы 13 кенші іздестіріліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?