Қазақстанда тағы екі мереке пайда болады

Қазан 19, 2023 - 11:48
Қазақстанда тағы екі мереке пайда болады

Енді қарашаның үшінші сенбісі – бұрғылаушылар күні, ал, 1 ақпан – азаматтық авиация қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болады.

«Ашық нормативтік-құқықтық актілер» сайтында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  2023 жылғы 29 маусымдағы бұйрығына толықтыру енгізу туралы құжат жарияланды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Бұйрыққа енгізілген толықтыруларға сәйкес, Қазақстанда жаңа екі кәсіби мереке пайда болмақ.

Осылайша, енді 1 ақпан - Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні, ал, қарашаның үшінші сенбісі «Бұрғылаушы күні» болып бекітілді.  Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow