Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілердің саны отыз адамнан асты
Костенко атындағы кен орнында апаттан қаза тапқан кеншілердің саны 32 адамға жетті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің ең соңғы мәліметінше, кен астынан 32 кеншінің денесі табылды. Шахта астында әлі 14 адам іздестіріліп жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы сәттерде қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің туыстарымен кездесіп, көңіл айтты. Қазір қаза тапқан кеншілердің аты-жөндері анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?