Қостанай облысында бір үйдің 4 адамы көз жұмды
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Тасты ауылдық округіне қарасты Қарынсалды ауылында бір үйдің төрт бірдей адамы газдан уланып көз жұмды.
Қайғылы оқиға 17 қарашада болған. Екі, үш және сегіз жастағы үш бала, сондай-ақ олардың 67 жастағы атасы көз жұмған.
Отбасының әкесі, анасы мен олардың төрт жасар ұлы Арқалық қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Отбасы аз қамтылған, әлеуметтік жағынан осал тобына жатады. Үйдің отағасы жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада тұрғын үй өртеніп, төрт бала қаза тапқан еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?