Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұрарға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Боксшыға қатысты қылмыстық іс 2024 жылдың 20 қазанында тоқтатылған.

Қазан 30, 2024 - 10:01
Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұрарға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
ulysmedia.kz

Қыз зорлады деп айыпталған танымал боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, боксшыға қатысты қылмыстық іс 2024 жылдың 20 қазанында тоқтатылған.

"Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізіліп, сараптама қорытындылары бойынша зорлау фактісі расталмады", – делінген полиция хабарламасында.

Бұл шешіммен Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы келіскен.

Бұған дейін Әнару Қалдыбекқызы Құрманәлі Жанқош Тұраровтың үстінен шағым түсірген еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow