Қазақстан Қарулы күштерінің дивизион командирі есірткімен ұсталды
БАҚ-та Қазақстанның Қарулы күштері дивизион командирі Самат Асанов ірі есірткі партиясымен қолға түсті деген ақпарат тарады. Қарағанды облысының полиция департаменті бұл мәліметті растады, деп хабарлайды Halyq Uni сайтына сілтеме жасаған Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
10 қараша күні «Балқаш-Сарышаған» тас жолында патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қадағалау барысында жол жүру ережесін бұзу бойынша (мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған) 31 жастағы азамат тізгіндеген Geely Coolray автокөлігін тоқтатты. Көлікке тексеру жүргізу кезінде жүк салғыш бөлігінен жалпы салмағы шамамен 12 келі 18 пакетке оралған ақ түсті ұнтақ заттар тәркіленді. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы шақырылып, олар тәркіленген заттардың тыйым салынған зат екенін анықтады, – деп мәлімдеді ПД.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәртіп сақшылары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есірткінің таралуын болдырмау үшін есірткі қылмыстарының жолын кесу бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыра бермек.
Сіздің реакцияңыз қандай?