Журналист Айдос Садықовты өлтірген күдіктілердің бірі Түркияда бой тасалап жүруі мүмкін

Шілде 3, 2024 - 10:50
Шілде 3, 2024 - 10:51
Журналист Айдос Садықовты өлтірген күдіктілердің бірі Түркияда бой тасалап жүруі мүмкін

Журналист Айдос Садықовты өлтірген күдіктілер жайлы тың деректер пайда болды. Оппозициялық блогер Айдос Садықовты өлтірді деген күдіктілер Молдовада болған.

Бұл туралы Молдова Актуально telegram-арнасына хабарлады.

Қазақстанның екі азаматы Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаев 18 маусым күні сағат 18:28-де Паланка кедені арқылы Молдоваға кірген. Олар Молдовадан 19 маусым күні сағат 01:20-да Кишиневтен Анталияға (Түркия) ұшақпен аттанды. 

Бұл ерлердің бірі Молдова аумағына алғаш рет 2024 жылы 19 мамырда Леусен кедені арқылы кірген. Ол Кишинев халықаралық әуежайынан Франкфуртқа (Германия) рейспен елден шықты.

Жақанбаев 21 маусымда Қазақстанның құқық қорғау органдарына тапсырылды. Қаратаевтың қайда екені әлі белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық оппозициялық «База» жаңалықтар арнасының авторы Айдос Садықовқа Киевте қастандық жасалып, 13 күннен кейін қайтыс болды.

орда.кз

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow