Путин Астанаға ұшып келді

Шілде 3, 2024 - 10:45
Шілде 3, 2024 - 10:45
Путин Астанаға ұшып келді

Ресей президенті Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді.

Владимир Путинді әуежайда Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.

Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. 

ШЫҰ 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның қатысуымен құрылған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды. Жаұында Беларус елі қосылатын болды.

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құраған. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд  құрады. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow