«Ақылсыз екен»: Қайрат Нұртас тағы да шу шығарды (ВИДЕО)

Желіде тараған видеодан әншінің көшеде белгісіз көліктің жанында тұрып, бөгде адаммен сөзге келгенін байқауға болады.

Шілде 1, 2024 - 17:15
Шілде 1, 2024 - 17:25
«Ақылсыз екен»: Қайрат Нұртас тағы да шу шығарды (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Белгілі әнші Қайрат Нұртас тағы да дауға қалды. Ол өзін агрессивті ұстап, әдепсіз сөздер айтып жұртшылықтың назарына ілікті. Бұл туралы sadaqmedia.kz ақпарат порталы stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Желіде тараған видеодан әншінің көшеде белгісіз көліктің жанында тұрып, бөгде адаммен сөзге келгенін байқауға болады. 

"Көлігіңді ал деймін саған. Қазір жоқ қылып жіберемін", – дейді Қайрат Нұртас. 

Желіде тараған видео бір күнде 4 миллион қаралым жинаған. Бұл жағдай оның беделіне айтарлықтай әсер етіп, жанкүйерлері мен жұртшылықтың теріс реакциясын тудырды.

“Қайрат жақын күндері әндерін тек өз отбасының ортасында отырып айтатын күнге жеткелі тұр. Халық сені қалай көтерсе, солай түсіре салады. Халық болмаса ешкім емессің”, “Адам менсінбейді. Сана сезімі төмен болып тұр ғой”, “Ақылсыз екен”, “Халықтың арқасында осы дәрежеге жетіп отырсың. Ақшамен абыройды сатып ала алмайсың. Ұмытпа!”, – деп жазды олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sn.kz ақпарат порталы (@sn.kz_official)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow