Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар - СІМ
Қазіргі уақытта Газа секторында 76 отандасымыз бар. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.
Смадияровтың айтуынша, олардың отбасы мүшелерін қосқанда азаматтар саны 161 адам.
«Біздің деректеріміз бойынша Газа секторында Қазақстан Республикасының 76 азаматы бар. Отбасы мүшелерімен қоса есептегенде олардың саны 161. Сонымен қатар шетелдік азаматтардың шығуына байланысты Мысыр және Израиль тарапынан белгілі талаптар бар. Олардың үштен бірі эвакуациялауға келмейді. Олар кәмелетке толғандар, ерлі-зайыптылар», - деді Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.
Сіздің реакцияңыз қандай?