Жайық өзенінің деңгейі қауіпті межеге жетті

Мамыр 14, 2024 - 10:24
Мамыр 14, 2024 - 10:28
Жайық өзенінің деңгейі қауіпті межеге жетті

Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі қауіпті межеге жақындады, деп хабарлады ТЖМ мамандары. 

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың есебі бойынша, 14 мамырда сағат 08:00-де Жайық өзеніндегі су деңгейінің өзгеруі 
Индербор ауылында +3 сантиметр, су деңгейі – 1041 сантиметр, шекті деңгейі – 845 сантиметр;
•    Махамбет ауылында +14 сантиметр, су деңгейі – 980 сантиметр, шекті деңгей – 850 сантиметр;
•    Атырауда +6 сантиметр, су деңгейі – 551 сантиметр, шекті деңгей – 550 сантиметр.
•    Жаңаталап ауылында +7 сантиметр, су деңгейі – 398 сантиметр, шекті деңгей – 500 сантиметр;
•    Еркінқала ауылында +5 сантиметр, су деңгейі – 356 сантиметр, шекті деңгей – 450 сантиметр болып отыр. 

Махамбет ауданындағы Жайық өзенінде су деңгейі көтерілуіне байланысты облыстық ТЖД 2 бірлік техникасы мен 33 жеке құрамы Сарайшық ауылында бөгеттерді нығайту жұмыстарына кірісті. Тасқынға қарсы шаралар тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Атыраудағы су деңгейі көтерілуінің ең жоғары көрсеткіші апта соңында болады деп болжанған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow