«Жас жігіттің өліміне себепкер болған блогер Эмиля деген қыздың еміне деп халықтан 1 млрд теңге жинап алған» - журналист
Алибеков командасы млрд-ты жинау барысында халыққа айфондар мен Камри 75 автокөлігін береміз деп уәде етіп, бермепті.
Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Тортуыл Шоқан өзiнiң facebook пaрaқшaсындa жас жігіттің өліміне себепкер болған «ламборджини» көлігінің иесі, белгілі блогер Бейбіт Әлібековке қатысты бір былықтың шетін шығарды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Журналистің жазуынша, Әлібеков осыдан бір жыл бұрын бір қыздың еміне деп халықтан 1 млрд теңге жинап алған. Бұл алаяқтық өз кезегінде құзырлы органдар назарынан тыс қалған.
«Әлемжеліде «Тик-Ток»қа қауіпті видеоконтент түсірмек болған 22 жасар жігіттің 45 жастағы жүргізушінің басқаруындағы, танымал блогер Бейбит Алибековке тиесілі «ламборджини» көлігі қатысқан трюкте ажал құшқаны жазылуда.
Бейбит Алибековтың өзі бұл оқиғаны әдеттегі түкке тұрғысыз шаруа сияқты комментировать етіпті.
Қауіпті трюктерді лицензиясы бар команда, компания жасауы тиіс!
Демек, осы оқиғаға қатысы барлардың бәрі жазалансын!
Екіншіден, 2021 жылы бұл Б. Алибеков танымал адамдардың қатысуымен Эмиля деген қыз еміне деп халықтан 1 млрд теңге жинап алады.
, Эмилияның анысы қызының диагнозы әуелде қате қойылғанын, ал жиналған ақшаның қайда жұмсалғанын білмейтінін айтыпты.
Жә, Алибеков командасы млрд ты жинау барысында халыққа айфондар мен Камри 75 автокөлігін береміз деп уәде етіп, бермепті.
Сол уақытта бұлар жасаған алаяқтыққа құзырлы органдар мән бермеген.
Ақпарат «egov. press» тк алынды.
Халыққа айтарым, блогерлерге ақша жинамаңдар!», дeп жaзғaн өзiнiң facebook пaрaқшaсындa.
Бұған дейін журналист Гүлбану Әниятқызы да халықты қайырымдылық қорлары мен мешітке ешқашан ақша аудармауға шақырған еді.
Айтуынша, ондай қорлар өте көп, бірақ ешқайсысы да есеп бермейді.
«Қайырымдылық қорларына сенбеймін және ешқашан ақша жібермеймін. Мешітке де солай. Көмектескім келсе, сол адамның өзіне жіберемін.
Баласының миына ота жасау керек болған бір әйелді білетінмін. Шетелге апару үшін ақша жинап жүрген. Бір күні алдымнан сол әйелдің баласы шырқырап жатқан, көмек сұраған видеосы шықты. Бірден ақша жібердім де, өзіне жаздым. Сүйтсем “біз операция жасатып алғанбыз. Үйді саттық, барымызды саттық, солай ақша жинадық” дейді.
Ал ондай қорлар бізде өте көп. Ешқайсысының есеп бергенін көрмеппін. Қайырымдылық жақсы ғой, қадағалау да болу керек», - деп жазған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?