«Ақымақтар!»: Ресейлік депутаттар хиджаб пен никаб киюге тыйым салған заңға қарсы шықты

Қараша 1, 2024 - 16:37
Қараша 1, 2024 - 16:38
«Ақымақтар!»: Ресейлік депутаттар хиджаб пен никаб киюге тыйым салған заңға қарсы шықты
Фото: fedpress.ru

Ресейдегі Владимир облысында мектепте енді хиджаб пен никаб киюге болмайды. Мұндай тыйымды естіген ресейлік депутаттар Адам Делимханов пен Бисұлтан Хамзаев бұған қарсы шықты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Депутат Адам Делимхановтың айтуынша, бұл конституция заңын бұзумен тең.

«Владимир облысында хиджабқа тыйым салу бұл — діни бостандыққа кепілдік беретін Конституцияны өрескел бұзу. Бұл кемсітушілікті білім беру мекемелеріндегі сыртқы келбетке деген қамқорлық деу нағыз сорақылық», — деді ресейлік депутат.

Хиджабқа тыйым қойғандарды ресейлік депутат Бисұлтан Хамзаев «ақымақтар» деп атады.

«Владимирлік шенеуніктердің жасағаны нағыз ақымақтық. Олар нағыз ақымақтар. Бұл менің өз ойым», — деді депутат.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow